26 Қырқ 2020
Материал Нажмиденов

Біз туралы

 

ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН №2 Ж.НӘЖІМЕДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП" КММ

Көктөбе орта мектебі 1992 жылы орталау мектеп, 1998 – 1999 оқу жылынан бастап орта мектеп болып құрылды. Бүгінде мектептегі оқушы саны 458 бала. Оларға 41 ұстаз сапалы білім, саналы тәрбие беруде.
—Жоғары білімді мамандар – 33
—Арнаулы орта – 8
Оның ішінде:
—Жоғарғы санатты – 2
—І санатты – 7
—ІІ санатты – 19
Мектептегі мұғалімдер ұжымы «Жеке оқушының дамыту тәсілі ретінде таным белсенділігін арттыру » мәселесі бойынша жұмыс атқаруда. 1998-1999 жылы 11 сыныптың алғашқы түлектерін ұшырды. 2004-2005 оқу жылында мектепті 32 оқу тәмамдады. Жазғы демалыс кездерінде 60 оқушыны қамтитын «Балдаурен» лагері жұмыс істеді.
Шаруашылық базасы : 11 оқу кабинеті, 1 компьтерлік сынып. Жалпыға бірдей оқыту қоры бойынша 2005- інші жылғы бюджеттен білінген қаражат 546,0 теңге. Оның ішінде 7,0 тенге Баянауыл демалыс лагеріне, 60,0 теңге жазғы сауықтыру лагеріне , аз қамтылған отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтарына 11,0 теңге, киім-кешекке және кеңсе тауарларына 35,0 теңге , ыстық тамаққа 370,0 теңге қамтылды.
Мектепте тұрмысы төмен отбасы балаларына көмектесу мақсатында киім қоры ұйымдастырылды. 2005 жылғы ақпан айында «Қайырымдылық» акциясы мектептегі мұғалімдер мен ата- аналар кішімен өткізілді. Акция барысында киім қорымен және азық- түлік жиналды. Нәтижесінде 107 киім-кешек орта есеппен 32,0 теңге көлемінде жиналып азық- түлік 3,0 теңге көлемінде жиналып 50 оқушыға таратылды. Сонымен қатар «Балапан» лагерінде 7 оқушы, « Лесная сказка» лагерінде 1 оқушы , тәртібі қиын оқушыларға арналған арнайы жазғы сауықтыру лагерінде 5 оқушы демалды. Бұған жетім, тұрмысы нашар оқушылар қамтылды. Мектеп жанында көкөніс учаскесі жұмыс жасады.
Мектеп жанындағы алқапты жұмыстарға 214 оқушы 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Олар мектеп жанындағы ағаштар мен гүлдерді, көкөністерді күтті. 5-10 сынып оқушылары кесте бойынша суару жұмыстарын атқарды.